Аймақтар партиясы бүгін Януковичті президенттікке кандидат ретінде ұсынады - Украина

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Аймақтар партиясы жұма, қазанның 23-де өз съезін өткізеді. Олар партия жетекшісі Виктор Януковичті Украина президенттігіне кандидат ретінде ұсынады,

деп хабарлайды «РИА «Новости»   агенттігі.

 Халық  арасында  жүргізіліп  жатқан  сауалнамалар  Януковичке  бірінші   кезеңде - 25-30 пайыз,  екінші  кезеңде  оның  жақын қарсыласы  премьер-министр  Юлий Тимошенкодан 10-12 пайызға  көп дауыс беріп  отыр.

 Әлеуметтанушылар  болса,  Аймақтар  партиясы    сайлаудың екінші  туры  өткен жағдайда міндетті түрде жеңеді,   себебі    ұсынылғалы  отырған кандидаттардың  ешқайсысы   сайлаудың  бірінші кезегінде   50   пайыз 1 дауыс ала алмайды деп  санайды.  Дегенмен, саясаттанушылардың  сайлаудың   нәтижесіне   100 пайыз    сенімдері    жоқ  екенін  айта кету керек, себебі    сайлаушылардың  25 пайызы кімге дауыс беретіндерін  әлі     анықтай алмай  отыр.