деп хабарлады Аймақтар партиясы парламенттік фракциясы төрағасының орынбасары, депутат Александр Ефремов. Ол премьер-министр Юлия Тимошенконың Виктор Янукович Украина газ бағасын 20 пайызға төмендетуге айырбас ретінде Кеден одағына кіру жөніндегі келісімге қол қойды деген мәлімдемесіне осылайша түсініктеме берді, деп хабарлады РБК агенттігі.
«Аймақтар партиясы Украинаның Ресей Федерациясымен, Беларусьпен және Қазақстанмен Кеден одағына кіруін жоққа шығармайды. Біз бұл бағытты егжей-тегжейлі зерделеуіміз қажет. Ю.Тимошенко сияқты біз бос сөзбен айналыспаймыз. Кез келген келісімде Украина не ұтады және неден ұтылады деген тұрғыда келуіміз керек және соның негізінде шешімдеу қабылдау қажет», - деді А.Ефремов.