Аймақтарда ҚХА-ның 18 жылдығына арналған шаралар өтуде

None
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Ел аймақтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 18 жыл толуына арналған шаралар өтуде.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының сайты хабарлады.

Алматыдағы Достық үйінде «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының кеңейтілген жины өтті.

1 наурызда Астана және Алматы қалаларында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойғанына 18 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс болды.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салатантты жиналысқа Қазақстан халқы Ассамблеясының, оның Кеңесінің мүшелері Парламент депутаттары,қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер мен ҚХА басқа да құрылымдары, этномәдени бірлестіктер, тікелей Ассамблеямен жұмыс істейтін орталық атқару органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

«Отырысқа қатысушылар Ассамблеяның 18 жыл ішінде атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, ҚХА-ның мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудың құралы ретіндегі этникааралық қатынастар мен қоғамды әлеуметтік-мәдени дамытуды үйлестірудегі рөлін атап өтті, ҚХА парламенттік өкілдігінің, Ғылыми-сараптамалық кеңесінің, Журналистер клубының және ҚХА-ның Ассамблеяны нығайтуға жолында еңбек ететін басқа да құрылымдарының іс тәжірибелерінің қорытындыларын қарастырды», - делінген хабарламада.

Шара барысында талдамалық материалдар жинағы мен мемлекеттік органдарға арнап ҚХА ғалымдары дайындап шығарған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік этносаясаттың императивтері» атты әдістемелік нұсқаудың тұсаукесері өтті.

ҚХА 18 жылдығына арналған іс-шаралар барлық облыс өңірлерінде, Астана және Алматы қаласында да өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясат жүйесінде басты орын алады. Ассамблея өзінің 18 жыл ішіндегі жұмысы барысында орталық және жергілікті атқару органдарының этносаралық үнқатысу мәселелері бойынша үйлестірушісіне айналды.

Бүгін 72 жалпы білім беретін ұлттық мектептерде оқу этнос тілдерінде жүреді, 143 мектепте аралас оқыту жүргізіледі. 195 этно-ағарту кешендері мен лингвистикалық мектептер ашылған. 14 орыс, ұйғыр, корей және неміс (ТМД-да жалғыз), өзбек ұлттық театрлары бар.

Республикада Ассамблеяның көпсалалы ресурстық орталықтары ретіндегі 10 Достық Үйі, Астанада - Бейбітшілік пен Келісім сарайы жұмыс істейді. 35 этникалық БАҚ (11 тілде шығады) бар, ҚХА жанындағы сарапшы - Журналистер клубы жұмыс істейді.