Аймақтардағы балабақшалар мәселесі елорда үлгісінде шешілуі тиіс - К. Мәсімов

А. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Аймақтардағы балабақшалар мәселесі Астананың үлгісінде  шешілуі тиіс.  Мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  осыны тапсырамын.  Бүгін Астанадағы балабақша ғимараттарында өткен көшпелі кеңестен кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгіннен бастап бір аптаның ішінде жергілікті әкімдер ескі балабақша ғимараттарын аралап, Астананың үлгісінде осы мәселені шешуі тиіс. Бұл біздің негізгі бағытымыз болмақ», деді К. Мәсімов.