Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің сайты жазды.
Пайдалануға беретін үй «Панель-Центр» шағынауданында орналасқан.
Құны: 1 шаршы метр - 100 000 теңге «таза» өңдеуде.
Жайлылық классы: ІІІ.
Пәтерлер саны: 173.
Пәтерлер ауданы - 36,01-ден бастап 70,83 шаршы метрге дейін.
Қатысуға өтінім қазанның 5-і мен 31-і аралығында қабылданады. Баллдар санына қарай отырып үміткерлер таңдап алынады, сонан соң олардың төлем қабілеттілігі бағаланады. Барлық процедуралардың аяқталу мерзімі - 2017-ші жылдың 7-ші желтоқсаны.
Өтінімді банктің интернет ресурсы: www.hcsbk.kz «Жеке кабинет/Интернет банкке» тапсыруға болады. Өтінімді беру мерзімі үлестірілген баллдар мен өтінім берушінің кезегіне әсер етпейді.
Өтінім тек банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтінім берушілерге қойылатын талаптар, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеті мен пәтерлердің орналасуы көрсетілген суреттерімен www.hcsbk.kz банктің интернет ресурсында «Қолжетімді» баспана бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Үлестіру тәртібі банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Төлеу қабілеттілікті бағалауға арналған құжаттар тізімі банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Құжаттар «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалында, Қарағанды қаласы, Ермеков к-сі 54 үй мекенжайы бойынша қабылданады.
Қосымша сұрақтармен банктің колл-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) хабарласу керек.