Аймақтық ақындар айтысында батысқазақстандық қос ақын жүлдегер атанды

None
ОРАЛ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақтау қаласында Маңғыстау жыраулық мектебінің көрнекті өкілі Қашаған Күржіманұлының туғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылған аймақтық ақындар айтысында батысқазақстандықтар үздік өнерімен танылды.

Үш күнге созылған сөз сайысында белгілі оралдық айтыскер Жансая Мусина жеңімпаз танылып, бас жүлдені иемденді. Ал Жайық өңірінің және бір өкілі Талғат Мықи қазылар алқасының ұйғарымымен екінші орынға тігілген жүлдені иемденді.