Аймақтық кеңестердің нәтижесі бойынша отандық өндірушілер мен әлеуетті жеткізушілер арасында 174 келісімшартқа қол қойылды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – Қазақстанның 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңесте берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Үкіметтің басым бағыттарының бірі отандық тауарларды өндірушілерді, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды қолдау болып табылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық үлесті іске асыру үдерісін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық кеңестер өткізілді. Аймақтық кеңестердің қорытындылары бойынша отандық өндірушілер және әлеуетті жеткізіп берушілер арасында 174 келісімшарт жасалды. Бұдан әрі отандық кәсіпорындардың тізімін және оларда мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың орналастырған көлемін жариялаймыз (2009 жылғы мамырдың 1-індегі жағдай бойынша).Құжаттың толық нұсқасын көшіру