Аймақтың агрөнеркәсіп саласымен танысу мақсатында Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстанға келді

ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауын насихаттау және облыс агрөнеркәсіп саласымен танысу мақсатында Мәжіліс депутаттары Иван Чиркалин, Елена Тарасенко, Шавхат Өтемісов Батыс Қазақстанға келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламент депутаттарымен кездесіп, осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап берді. Бұдан кейін И.Чиркалин мен Е.Тарасенко облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында сала қызметкерлерімен кездесті. Онда Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер бойынша комитетінің хатшысы Иван Чиркалин ауыл шаруашылығына қатысты түйткілді мәселелерге тоқталып, агроөнеркәсіп саласына қатысты қабылданған жаңа заңдар туралы айтып өтті. Жүздесу барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кейбір мәселелер Парламентте талқылану үшін жергілікті жерден ұсыныс жолдаудың маңызды екені де айтылды. Парламенттік топ мүшелері бірнеше күн бойы Зеленов, Сырым, Теректі, Бөрлі аудандары мен Орал қаласында болып, ауыл шаруашылығы нысандарының жай-күйімен таныспақшы.