Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі әлеуеті толық пайдаланылмай отыр ? ШҚО

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ - Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға табиғи ресурстары жеткілікті, топырақтың балл-бонитетінің орташа көрсеткіші 46-67-ге жетіп тұрса дағы, бүгінгі күнде жалпы сомасы 60 млрд. теңге құрайтын 15 мың тонна кәртоп, 10 тонна көкөніс, 5 тоннадан ет және сүт өнімдері және 4 тоннадай балық сырттан әкелінеді.

Мамандар пікіріне қарағанда, негізгі азық-түлік түрлерімен өзін-өзі қамтамасыз етуге аймақтың мүмкіндігі жеткілікті. Ендеше, мұны жүзеге асыруға не қолбайлау болып отыр? Облыста 3 миллионнан ірі қара мал басы бар, дегенмен ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және өңдеу мекемелері жетіспейді. Жалпы көлемі 28,3 миллион гектар алқаптың 429 мың гектары тыңайған жер.205 мың гектар суармалы жердің 60 мың гектары, яғни, 29,3 пайызы ғана пайдаланылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сонымен қатар, алыс ауылдағылар өз өнімдерін ұқсата алмай отыр. өйткені, оларды дайындаушы жоқ, ал әрбір шаруа иесінің қала баруға мүмкіндігі бола бермейді. Жол бойына орналасқан ауыл адамдары бұл мәселені жол үстіндегі сатып алушылар есебінен шешіп отыр. Мұндай жағдайда, қаладан 300 шақырым қашықтағы Тарбағатай немесе Абай ауданының жұртшылығы не істемек? Сүт өнімдері бойынша да ахуал дәл осындай. Дүкендерде майлылығы 2,5 пайыз болатын сүттің бағасы 100 теңге. Ал, ауылда -- 30 теңге. Егер сүтті өткізу мәселесі кепілді түрде шешілер болса, ауыл адамдары бір емес бірнеше сауын сиыр ұстауға әзір.Таяуда тағайындалған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Президент Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында аталған жағдайды жолға қою қажеттігі туралы нақтылап айтты. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жасауды міндеттеген облыс әкімі, қазіргі жағдайды есепке ала отырып: «Экономиканы әртараптандыруға ерекше мән берілуі тиіс, оның тау-кен қазу және металлургия саласына тәуелділігін еңсеру қажет. Негізгі күш қайта өңдеу, агроөнеркәсіп кешенін, шағын және орта кәсіпкерлік пен туризмді дамытуға жұмсалуы тиіс», - деді ол.