Осылайша біз тәуелсіз Қазақстан астанасының 12 жылдығын атап өтуге өз үлесімізді қосамыз. Бұл туралы мерекеге арналған салтанатты шаралар барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары К.Жұмашев айтты.
Біздің облыс - елдегі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Және де біздің барлық жетістігіміз бен жеңісіміз сүйікті астананың туған күніне арналады, деді өз сөзінде ол.
Аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана күнін атап өту үшін Маңғыстау облысында 10-ға тарта кең көлемді әлеуметтік маңызға ие іс-шаралар болып өткен.