Айна Теміртасова: Әлем чемпионатында жүлде үшін бар күшімді саламын

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Айна Теміртасова жақында Түркия кілемінен де олжалы оралды, деп хабарлайды Olympic.kz.

65 келіде белдескен ол «Яшар Догу» рейтингілік турниріндеүздік үштікке енді. Бапкерлер мен жанкүйерлер болашағына үмітпен көз тіккен жасбалуан әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындығымен бөлісті.

«Ересектерарасында күресе бастағаныма көп болған жоқ. Бастамасы жаман емес. Бірақмаусымды бұдан да жақсы өткізу үшін әлі де еңбектену керек. Жаттығу қарқынынодан әрі күшейту қажет. Әзірге бапкеріммен бірге тынымсыз дайындық үстіндемін.Ол менің жаттығу жоспарымды түзіп береді. Түркиядағы турнир аяқталды, ендіПольшада өтетін жарысқа дайындаламыз. Содан соң, әлем чемпионатына дейін екіжаттығу жиынын өткіземіз. Оның бірі күш-қуатты арттыруға арналған. Екіншісікілемде өтеді.

Менің мақсатым – елімізде өтетін әлем чемпионатынадайындалып, медаль алуға тырысу. Өзжерімізде өтетін додада жауапкершіліктің жоғары болатыны анық. Қарсыластар дақарымды. Бірақ жүлдеге ілігу үшін бар күшімді саламын», - дейді Айна.

Соңғы жаңалықтар