Оқушылар сарайының орталық алаңында балалардың қатысуымен сағат 10.00-ден бастап негізгі алаң жұмыс жасайды: онда жас суретшілер көрмесі, хип-хоп би алаңы, спорт алаңы (каратэ годзю-рю, тоғызқұмалақ, шахмат, таэквондо, арқан тартыс,көңілді старттар), концерттік бағдарлама, сонымен қатар би флешмобы ұйымдастырылады.
Барлық шығармашылық алаңдарда Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Ырғақты билер мен спорттық сайыстар қатысушылар мен мереке көрермендерін бей-жай қалдырмасы анық.
Сонымен қатар жас суретшілер өз туындыларын көрермен назарына ұсынса, жол жиектеріне салынған сурет сайысы балалардың өз қабілеттерін танытуына және елордаға өз шығармашылығының бір бөлігін сыйлауға мүмкіндік береді.
Мерекелік бағдарламада Оқушылар сарайының өнер ұжымдары : солисттер мен вокалдық топтар, Шолпан Қорғанбекова жетекшілік ететін домбыра, қобыз, флейта ансамблдері ұжымы, Шманов Кайрат жетекшілік ететін хореографиялық ансамбль көпшілік алдына шығады. Жас гимнасшылар мен каратистердің көрсетілімдік нөмірлері де ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.
Сонымен қатар Оқушылар сарайының жас сәнгерлерінің қолынан шыққан «Fashion kz. Жаз-2015» жазғы топтамасымен «Арт Фэшн Дизайн» студиясы таныстырылады.
Шара әуеге түрлі-түсті шарларды ұшырумен аяқталады.