«Айналайын» балалар үйінде Жаңа жыл тойланды
19:13, 28 Желтоқсан 2009
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін «Айналайын» балалар үйінде жаңажылдық бал-маскарад өтті.
Салтанат басталар алдында Нұрлан Адамов - Алакөл ауданы меценаты Бақыт Кәрімовтың өкілі құттықтау хатты оқып берді. Онда балаларға білікті маман болып қалыптасулары, кейін елді нығайтуға өз үлестерін қосулары үшін жақсы оқулары жөнінде тілек білдірілген. «Жаңа жылда барлық армандарың орындалсын және Барыс жылы бақыт әкелсін!», - делінген.
Бақыт Кәрімовтың өкілі балаларға 178 жұп аяқ киімді, 40 үй тәпішкесін, 30 жұп спорттық аяқ киімді, осыншама конькилерді сыйға тартты. Сонымен қатар, балалар үйінің 148 тәрбиеленушісіне жаңажылдық тәттілерді берді.
Балалар өз кезегінде, қонақтар үшін арнайы әзірлеген концерттік бағдарламаларын ұсынды.