Ұлан Бекіш ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Фото: Ұлан Бекіштің Instagram парақшасынан

АСТАНА. KAZINFORM –  Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

- Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, -делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының өкімімен осы қызметті атқарып келген Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева  лауазымынан босатылды.

Осыған дейін Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының басшысы тағайындалғаны туралы жаздық.