«Менің бір апам бар. 18 жыл бойы псориазбен ауырды. Дәрігер, бірақ өзін емдей алмады. Үнемі қолын тығып жүретін, кейін ол жаралар аяққа көше бастады. Псориаз болғанда да жаман, іріңдеп, су ағып тұратын еді. Кейін бірнеше жылдан кейін қарасам барлық жарасы кетіп әйбат болып қалыпты.. «Қайдан емделдіңіз» дегенде, «Алакөлге бардым» деді. Бірінші жылы жартылай, келесі жылы барғанда түгел жоқ болып кеткен. Осыны естіп алған мен үнемі Алакөлді насиxаттап жүретін болдым», - деп жазады айтыскер ақын.
Сонымен қатар ол былтыр Атырауға тойға барғанында әуежайда бір келіншектің жолығып, Алакөл туралы жазбасын оқығаннан кейін отбасымен барғанын, күйеуімнің псориазы түгел кетіп қалғандығын айтқандығын мысалға келтіреді.
«Пайдам тигеніне мен де мәз болып қалдым. Өзім сол маңайға барып қалсам, тіпті су тастай болса да жуынып алатын болдым. Балшығының өзі қандай. Теріңіз бөпенікіндей жұп-жұмсақ болып шыға келеді. Биыл шетелге қаңғымай Алакөлде жатам деп едім, қолым босамай қалды. Арғы жылы Үржар жағында болғанмын, сервис төмендеу еді. Тамыз айының алғашқы аптасында Алакөлге кетсек па деп біраз қыз жиналып жатырмыз. Қай санаторийге баруға кеңес бересіздер?», - дейді Айнұр Тұрсынбаева.
12:56, 20 Шілде 2017
Айнұр Тұрсынбаева Алакөлдің емдік қасиетін жарнамалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева Фейсбуктегі парақшасында Алакөлдің псориаз ауруына ем екендігін айтып, қазақстандықтарды жаз айларында елімізде демалуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.