Бұл туралы сейсенбі күні BBC News хабарлады.
Трамп барлық үміткерлерді өткен дауыс берумен құттықтап, ол үшін екінші орын алу «үлкен абырой» екенін жеткізді. Ол республикалық партияның атынан президенттікке түсетініне сенімділігін білдіріп, Айовада ферма сатып алмақ ой да бар екендігін айтты.
Алдын ала қорытындылар бойынша, республикалықтар өкілдеріне дауыс беру нәтижелері мынандай болды:
Тед Круз - 27,7%
Дональд Трамп - 24,4%
Марко Рубио - 23%
Бен Карсон - 9,3%
Қалған үміткерлер 5 пайыздан кем дауыс алды.