Айшвария Рай отанына «опасыздық» жасады

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат -  38 жастағы «Үндістанның бірінші аруы» саналатын Айшвария Рай дүниеге сәби әкелгеннен кейін толып кеткені үшін таяу күндерден бері елінің баспасөзінде сынға ұшырай бастады,

деп хабарлайды BNews.kz,  Қытай халық торабына сілтеме жасап.

Үнді актрисасы өткен жылдың қыркүйек айында өмірге қыз бала әкелген болатын. Енді оны жергілікті БАҚ өкілдері өзінің дене сымбатын күтпей, Үндістанның халықаралық образына кері ықпал еткені үшін отанына «опасыздық» жасады деп айыптап жатыр. Үндістанның журналистері актрисаның бұрынғы қалпына қайта келуі отан алдындағы борышы екенін айтып дабыл қағуда. Ол қалыптан тыс толып кетуіне байланысты дүние жүзіне мәлім ең сұлу әйел деген атына кір келтіріп отырған көрінеді. Тіпті үндістандықтардың сұлулық ұғымындағы эстетикалық көзқарасына кесірін келтіріп жатыр дейтіндер де табылып отыр.