«Айсұлтан Назарбаев «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ Вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен өз өтінішіне байланысты босатылды», - делінген ҚФФ сайтындағы хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Айсұлтан Назарбаев биылғы жылдың ақпан айында ҚФФ-ның халықаралық ұйымдармен (ФИФА, УЕФА және ұлттық ассоциациялар) байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.