Айсұлу Асылбекова оқушылар арасында үздік атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Оқушылар сарайында қалалық білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған байқау өтті.

Биыл байқау тақырыбы Қаныш Сәтпаев, Евней Бөкетов және Әлімхан Ермеков сынды Қазақстан ғалымдарына арналды. Байқауға Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінің 10-сынып оқушылары қатысты. Олар алдымен Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырып, іріктеу кезеңінен өтті. Финалға 16 оқушы шықты. Ол үш кезеңнен тұрды: жалпы эрудиция бойынша сұрақтар, «Қазақстан ғалымдары: Қ. Сәтпаев, Е. Бөкетов, Ә. Ермеков» викторинасы және берілген тақырыпқа мәтін дайындау.

Бұл сында № 60 лицей оқушысы Айсұлу Асылбекова үздік атанды.