Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалады - Бас мүфти

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Cерікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрбан айт – исі мұсылманның ұлық мейрамы. Айт күндері ағайын-жұрт бір-біріне: «Айт қабылболсын!» айтып, ізгі тілектерін жеткізіп, алғыстарын жаудырады. Осы реттесіздерге ізгі ниетпен Жаратқанның жақсылығын тілеймін.

Туыспен бауырға, көрші мен дос-жаранға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп,үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқанмұсылмандық дәстүріміз. Осы игі дәстүрді қоғамда қайта жаңғыртып, жастарғаүлгі-өнеге көрсетуге шақырамын! «Құрбан» сөзі «жақынболу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандықшалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді», - делінген Басмүфтидің құттықтауында.

Сондай-ақ,Қазақстанмұсылмандары діни басқармасыныңтөрағасы өзінің құттықтауында қасиетті мерке кезінде мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге шақырды.

«Құрбанайтта орындалатын ең қайырлы амал – құрбан шалу. Айткүні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар менжетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алуға тырысады. Алайда, айткүндері мал бағасы қымбаттап кететін жағдай жиі орын алады. Осы реттеотандастарымды мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленугеүндеймін. Өйткені, Құрбан айт – қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі», - деді Басмүфти.

Соңғы жаңалықтар