«Биыл қасиетті Рамазан айы маусымның 18-і күні басталып, шілде айының 17-іне дейін жалғасады. Биыл Ораза 29 күнге жалғасады. 29 күн ораза ұстап, отызыншы күні Айт намазы оқылады. Яғни, шілденің 17-күні ораза айт басталады», - деді ол.
Наурызбай қажы Тағанұлының атап өтуінше, Айт намазы елордада 17 шілде күні таңғы сағат 06.30-да оқылады. Дегенмен, Айт намазының уақыты еліміздің әр аймағында әр түрлі болып белгіленіп отыр.
«Бұл жерде ескере кететін жайт, Астана қаласы бойынша Айт намазының уақыты 06.30. Еліміздің басқа өңірлерінде имамдардың белгілеген уақыттарында оқылатын болады», - деді Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы.