Айтыскер ақын Бекұзақ Тәңірбергеновтің артында қалған мұралары жарыққа шықты - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Бұдан бірқатар жылдар бұрын өмірден ерте кеткен белгілі айтыскер ақын Бекұзақ Тәңірбергеновтің орындауындағы ән-жырлардың «Жыр-ғұмыр» атты үнтаспа жинағы жарық көрді.

Оны ақынның шәкірті Талғат Тілеулесов дайындаған.

Жырсүйер қауым Арал өңірінде туыпөскен арқалы ақынның «Аралдың табанынан су кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» деген әйгілі жыр кестесін әлі ұмыта қойған жоқ. Соның айғағы, Арал қаласындағы Н.Кенжеғұлұлы атындағы мәдениет үйінде аталмыш үнтаспаның тұсаукесері өткізілді. Кеште аудан әкімінің орынбасары Көлбай Данабаев үнтаспаның жарыққа шығуымен құттықтап, ақынның зайыбы мен ұлына сый-сияпат жасады.

Өмірде бір-біріне жол беріп, өнерде бір-біріне қол беріп жүрген ақынның үзеңгілес достары Оңталап Базаралиев пен шәкірті Нұрдәулет Махамбетов ұлағатты ұстаз жайында естеліктер айтты.