«Иә, Данияр құрамаға қайтып оралуды жөн деп тапты. Мен оған команданың есігі әрдайым ашық екенін айттым. Әзірге Данияр жаттығуға кіріскен жоқ. Нақты келетін күнін айта алмаймын, оны боксшының өзінен сұраған дұрыс», - деді бас бапкер.
Бұдан бұрын Данияр Елеусінов құрамаға қайта оралуы мүмкін екенін хабарлаған.
18:25, 24 Шілде 2017
Айтжанов ұлттық құрамаға қайта оралған Елеусіновке қатысты пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов құрамаға қайта оралған Данияр Елеусіновке қатысты өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.