Аю қайың шырынын жинаған екі әйелге бас салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Амур облысындағы Тында қаласының тұрғыны аюдың құрбаны бола жаздады. Қазіргі кезде ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы «Порт Амур» АА хабарлады.

Аю орманда қайың шырынын жинаған екі әйелге шабуыл жасаған. Ол әуелі өзіне үріп жатқан итке бас салып, одан кейін әйелдердің біріне қарай тұра ұмтылған. Қашып үлгерген екіншісі құтқару қызметін шақыра алды.

Оқиға орнына келген милиция, ТЖМ қызметкерлері мен жануарлар әлемін қорғау маманы жабайы жыртқыштың әйелді жерге көміп жатқанын көрді. Жануарлар әлемін қорғау өкілі аюды атып өлтірді.