Төменде көрсетілген видеода оның сурет салуы көрсетілген. Зообақ қызметкерлері оған тиісті жарақтарды әкеледі. Аю аяғын бояуға малып, сурет салады.
Юусо еңбектері оның арнайы сайтына жарияланады. Осы жерден оны сатып алуға болады. Әрбірінің құны 300 еуро сонымен қатар пошта арқылы жеткізу үшін төлем төлеу қажет. Суреттің түпнұсқа екенін растайтын сертификат беріледі.
Суреттерді сатудан алынған ақшаны зообақ қызметкерлері аю бассейніне арналған су насостарын және жануарға қажетті өзге де заттарды сатып алуға жұмсайды. Қазіргі таңда Юусо салған 13 суреттің алтауы сатылды.