Саңырауқұлақ теріп жүрген екі адамның алдынан кенеттен аю шыға келген. Жыртқыш аң олардың біреуін жарып тастап, екіншісіне де ауыз салып үлгерген.
Бірінші ер адамды аман құтқару мүмкін болмады - оқиға орнына келіп жеткен аңшылар да көмектесе алған жоқ. Екіншісі жанталасып жүріп, зорға дегенде аюдың тырнағынан босанды. Аңшылар жыртқышты атып өлтірді.