«Сенбі күні демалыста болған Владивостоктың ЖПҚ қызметкері ағасымен бірге Приморьенің Дальнегорский ауданындағы тайгаға барған. Адамшөпті отырғызумен айналысып жатқан кезде ағаш арасынан аю шыға келген», - деді баспасөз орталығының қызметкері.
Жыртқыштан қашқан көлік инспекторының қолында ағасының мылтығы болған. Сүрініп кеткен кезде мылтық атылып кетіп, бауырына тиген. Ағасы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Приморье полициясының баспасөз қызметі болған оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.