Бұл ретте жәбірленуші өлер алдында аюды атып өлтірген.
Амурдағы Комсомольск тұрғыны жексенбі күні орманда салған қақпандарын тексеруге кеткен. Аңшы дүйсенбі күні үйіне оралмаған соң туыстары полицияға келді.
Полицейлер мен құтқарушылар жақын жердегі ормандарды тексеріп шықты. Олар Бочин кентіне таяу жерден өлі аюды тапты. Оған оқ тиген. Ал сейсенбі күні сол маңда жоғалған ер адамның мүрдесі табылды.
Ер адамның денесінде алдын ала болжам бойынша, аю салуы мүмкін жарақаттар бар. Ал аңшының мылтығы қасында жатқан.