Бұл туралы бүгін ТАСС-қа Ресей ІІМ Камчатка өлкесі бойынша басқармасының өкілі Алла Ивановна хабарлады.
«Оқиға 17 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де Елизов ауданы Раздольный кентінен 7 шақырым жерде орын алды. 42 жастағы ер адам итімен бірге орманға саңырауқұлақ теруге шыққан. Алаңқайдың бірінен алдымен екі қонжық, артынша кірекей шыға келген», деп мәлім етті басқарма өкілі.
Ер адам ағашқа өрмелеп шығуға тырысқан, алайда аю оны аяғынан тістеп, төменге тартып түсірген. Екеуінің арасында айқас басталғанда, иті жыртқышты қууға тырысқан. Ақыр соңында аю қашып кеткен.