Рафаэль есімді азамат мұражайға келіп, екінші қабатқа көтерілген. Залда бақылаушы болмаған соң, көзіне бірінші түскен картинаны алып, қашып кеткен. Ұрлық жасалған кезде мұражайдың қызметкерлері жаңажылдық кеште болған.
Ұрланған картина қоғамдық пікір тудырған соң, ойға қалған ұры оны қайтармаққа бел буған. Алайда мұражайдың алдындағы тәртіп сақшыларын көріп, сескеніп қалған ол құнды туындыны журналистерге берген. Дау-дамай бұдан кейін де тыйылмаған соң ол құқық қорғау органдарына өз еркімен берілуге шешім қабылдапты.
Айвазовскийдің 1866 жылы салынған бұл картинасының құны - 40 мың доллар.