Айы-күні жақын мұсылман келіншек Олимпиадаға қатысуда

None
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - 29 жастағы малайзиялық спортшы әйел жүкітілік мерзімі 34 аптаға толатынына қарамастан мергендік сайыста бағын сынамақ.

Дәрігерлердің есебі бойынша, тұңғышы дүниеге 2 қыркүйекте келуге тиіс. Нур Олимпиада ойындарының тарихында бірінші жүкті әйел емес, дегенмен, ойынға қатысушы аяғы ауыр әйелдердің ішінде жүктілік мерзімі ең үлкені осы. Оның өзге олимпиадашылардан өзгешелігі тек аяғы ауырлығында ғана емес, сонымен қатар, ойынға хиджабымен қатысатындығында.

Ол Лондонға 25 шілдеде, спортпен айналысқалы бері қолұшын беріп жүрген жұбайы, полиция қызметкері Мархазли Мұхтармен бірге келді. «Адамдардың көбі мені есі ауысқан, өзімшіл жан деп санайды. Олардың ойынша, мен өз сәбиімнің денсаулығына қауіп төндірудемін. Менің күйеуім болса, осындай сирек кездесетін, енді қайталануы неғайбыл мүмкіндікті пайдаланып қалуымды қалап отыр. Не нәрсеге қабілетті екенімді жақсы білемін. Мен қайсар адаммын», - дейді мұсылман келіншек.

Нұр сөзін одан әрі жалғастырып: «Олар мені Лондонға мерзімінен бұрын жібермекші болды. Қорықты, бірақ мен Малайзия әуежүйесінің жүктілік мерзімі 35 аптадан асқан әйелдерге ұшуға кеңес бермейтінін білемін», - дейді.

Нұр Олимпиаданың сәтті өтуін тілеп жүр. Ар жағында нәрестесі өмірге келеді... сәбидің есімін де ойластырып қойыпты. Дайяна Видьян атамақшы.  

Мақала «Алматы ақшамы» газетінің бүгінгі санында жарық көрді.