Айып төлемеушілерді анықтауға арналған рейд өткізілді

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД жол полициясы басқармасы Сот актілерін орындау жөніндегі департаментімен бірлесе отырып салынған айыптарды уақытында төлемейтін жолда жүру ережесін (ЖЖЕ) бұзушылардың арасында рейдтік шараларын өткізді.

Бұл туралы Астана қаласы ІІД ЖПБ баспасөз қызметі таратқан мәліметте айтылған.

ҚР ӘҚБтК 708 бабына сәйкес ЖЖЕ бұзу фактісі бойынша қаулыны өз еркімен орындау уақытының 30 күндік мерзімі өтуіне байланысты жүргізушіге қатысты айыпты мәжбүрлеп төлету туралы қаулы шығарылып, айыпты төлегенше мүлкіне тұтқын салынады.

2011 жылдың төрт айлық қорытындысы бойынша Астана қаласының Жол полициясы басқармасынан Астана қаласының Сот актілерін орындау жөніндегі департаментіне ЖЖЕ бұзушылығымен әкімшілік айыптарды мәжбүрлеп өндіру жөніндегі 11 мың қаулысы, 65 миллион теңгеден артық сомасына келіп түскен. Оның ішінде 3798 қаулы бойынша 21 миллион теңге өндірілген.

Жалпы осы жылдың төрт айы үшін ЖПБ инспекторларымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде 68135 әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды. Шамамен 64 мыңға жуық көлік жүргізушісі 413 миллион теңгеден артық айыппұл өндірілді, оның 156 миллион теңгеден артығы мемлекет кірісіне өндірілді. Осы сандардан көрініп тұрғандай, көпшілік құқық бұзушылар өз еркімен салынған айыпты төлеуге асықпауда. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғылықты мекендері және селқос жүргізушілердің жұмыс орындары бойынша жаппай тексеріс жүргізуде, сондай-ақ, елордамызға кіру және шығу кезеңдерінде олар түгелдей тексеріледі.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 524 бабына сәйкес өз еркімен және өз күшімен айыпты төлеуден жалтарған жүргізушілерге қатысты жол полицейлері тек айып шараларын ғана қолданбайды, сондай-ақ, он тәулікке дейін әкімшілік қамау шаралары қолданылатын болады. Осыған орай, көлік құралы салынған айыпты төлемейінше, арнайы коммуналдық көлік тұрағына қойылатын болады.

Сондай-ақ, жинақталған "қарыз" иесі, жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан алу бөлімінде ешқандай операция жүргізе алмайтын және көлік құралын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізе алмайтын болады.

Талдау көрсеткендей, осындай жүргізіліп жатқан кешендік шаралар, апаттық жағдайлардың және жол-көлік оқиғасының салдарында қаза тапқандардың санын анағұрлым төмендетуге зор ықпал етуде. Соңғы 5 жылдың ішінде жол-көлік оқиғалары мен оның салдарынан қаза тапқандардың санын екі есеге төмендетуге мүмкіндік берді. Егер 2006 жылы 651 ЖКО тіркеліп, онда 127 адам қайтыс болса, 2010 жылы 370 ЖКО тіркелді, оның ішінде 59 адам қаза тапқан. Бұл елордамызда күн санап көлік саны (127025-тен 209914-ке дейін 66,3 пайызға) мен халық саны (574400-ден 701307-ге дейін 22,1 пайызға) үнемі ұлғауына қарамастан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірлесіп өткізілген рейдтің негізгі мақсаты - жүргізушілердің санасына жолда жүру Ережесінің талаптарын бұзғаны үшін салынған айыпты, ерте ме, әлде кеш пе бәрібір төлеуге мәжбүр болатынын жеткізу.