«Бүгін үйлестіру кеңесінің отырысында құқық бұзушыларға айыппұл жөнінде ескертуге қатысты хабарламалардың жаңа түрлерін енгізу туралы бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, телефонограмма, SMS-хабарлама, ұялы байланыс арналары мен электрондық пошталар бойынша хабарламалар жіберу айтылды. Үйлестіру кеңесінің мүшелерінен бұларды қолдауды сұраймын», - деді Асхат Дауылбаев.
Бұдан бөлек, Бас прокурор айыппұлдарды интернет арқылы банктер ұсынатын лезде төлеу қызметтерін пайдалану жолымен жабу мүмкіндігін қарастыруды алға тартады.
Еске сала кетейік, Бас прокурордың мәліметіне қарағанда, соңғы бес жылда елімізде айыппұлдар бойынша орындалмаған қаулылар екі есеге артқан, ал өндірілмеген айыппұлдар мөлшері 200 миллиард теңгеден асты.