«Айырбас бекеттерінде шетел валютасы жеткілікті. Ешқандай да дүрбелең жоқ. Валюта айырбастау бекеттерінде қызмет көрсетілмей жатыр деген шағымдар түскен жоқ. Валюта мен теңге жеткілікті. Теңге әлсіреумен қатар, нығаятыны белгілі. Мұнайдың жоғары бағасы мен басқа да жағдайлар теңгенің нығаюының әлеуеті айтарлықтай жоғары екенін аңғартып отыр», - деді ҰБ басшысы Мәжілістің жалпы отрысынан кейін журналистерге.
Данияр Ақышевтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде теңге бағамы жыл басындағы деңгейге жақындады.
Бұдан бұрын хабарланғанымыздай, Ұлттық банкінің төрағасы долларға шаққанда теңге бағамының өзгеруіне қатысты түсінік берді.
фото:7kun.kz