Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 473,5– 478,5 теңге аралығында құбылып тұр. 13 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 29 теңгеге қымбаттап, 473, 34 теңге болған.
Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473, 45 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25 – 7,65 теңге аралығында саудалануда.