Айыртау ауданында жоғалған баланы іздестіру шарасы сәтті аяқталды - СҚО

None
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - СҚО-ның Айыртау ауданында Имантау көлінің маңында жоғалып кеткен баланы іздестіру шарасы сәтті аяқталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша маусымның 12-сі күні кешке Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне Имантау көлінің жанында орналасқан «Ақбар» туристік кешенінің күзетшісі телефон шалады. Телефон соққан ер адам бірнеше сағат бұрын кешеннің маңында тоғыз жасар баланың жоғалып кеткендігін хабарлайды. Жоғалған бала Астана мектептерінің бірінде 3 сыныпта оқитындығы анықталған, саяхатқа шыққан балалармен төбеге барып, қайтарда топтан ажырап қалған. Бала жоғалған ауданға Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің бүкіл жеке құрамы, ТЖ қызметкерлері жіберілген.

Маусымның 14-і күні сағат 09.30 шамасында полиция қызметкерлері жоғалған баланы тапты, оған ешқандай зиян тимеген, қатты қорқып қалған бала Арықбалық аулына алты шақырым жердегі төбелердің біріндегі қалың орманда адасып кеткен екен. Тоғыз жастағы Жанболат бірден ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулығына қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Үшінші сыныптың оқушысы тәуліктен астам уақыт бойы тауда жалғыз жүрген.