Айырылысқан әйелі iPhonе 6-ны сыйлаған соң қайтып келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple жабдықтарына әуес жандар жаңа iPhone-ды экранының үлкендігінен, камерасының сапасы және жаңа iPhone 6 болғасын сатып алғысы келген.

Алайда Дарис Влодарски iPhone үшін кезекте 44 сағат бойы бұл мақсатпен тұрмады. Дарис айтқандай, ол 20 жыл бірге тұрған әйелін қайтару үшін бұл әрекетке барған. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Дарис және оның жары қатты ұрсысып, 1 ай бұрын айырылысқан. Дарис жағдайды оңалту үшін әйеліне жаңа iPhone сатып алып беруге бел буған.

"Оған оның бірінші iPhone-нын сатып бергенде, ол сондай бақытты еді. Соңғы кездері экраны үлкен смартфон алғысы кеп жүрген. Осы себеппен iPhone-ға қол жеткізу үшін кезекке тұрдым. 20 жыл бір шаңырақта тұрған жарымды жоғалтқым келмейді", - деді Дарис.

Айта кету керек, Даристің мұндай әрекетінен кейін әйелі үйіне қайта оралған.