ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлет Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бахрейн астанасы - Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Айзада Мүптілда әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың қорытындысымен ол 277 келіні (жұлқуда 120, серпуде 157 келі) бағындырды. Осылайша Азия чемпионы атанды.
Аталған салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды.
Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова күміс, Айша Омарова мен Артем Антропов қола жүлде алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.