Айзада Мүптілдә ауыр атлетикадан құрлықтық біріншілікте үздік үштікке енді

ТАШКЕНТ.ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлет Айзада Мүптілдә Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық Айзада Мүптілдә қатысты. Қоссайыс нәтижесінде ол 269 (118 151) келіні бағындырып, қолаға қол жеткізді.