АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Айзат Молдақасымова Алматыдағы № 27-ші емхананың бас дәрігері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты медицина мекемесінің өкілдері растады.
«Иә, Айзат Молдақасымова кешеден бері №27 бас дәрігері болып жұмыс істейді», - деп хабарлады емханадағылар.
Маусым айында Айзат Молдақасымова Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.
Кейін Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығында сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.