Айжан Есмағамбетова астан уланудың алдын алу ережелерін еске салды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мереке қарсаңында қазақстандықтарды астан уланудың алдын алу ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тамақтан уланудан сақтанып, алдын алуды сұраймын. Айтарым, рұқсат етілмеген сауда орындардан азық-түлік және тамақ өнімдерін сатып алмаңыз, дайын тағамды ұзақ сақтамаңыз. Азық-түлік және тағам өнімдерінің жарамдылық мерзіміне аса мән берген жөн. Азық-түлік пен дайын тағамдарды полиэтилен, қағаз пакет пен азық-түлік контейнерлерінде сақтаған дұрыс. Тағам дайындаудың температуралық режиміне мән беріңіз, әсіресе, ет, балық, теңіз өнімдері мен жұмыртқаны пайдаланғанда», - деп кеңес берді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Сондай-ақ вице-министр жеке гигиена қауіпсіздігін ұмытпау керектігін еске салды.

Бұған дейін министр орынбасары коронавирустың таралу жағдайына тоқталған еді. Елімізде желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда коронавирус жұқтыру 2,3 есе артқан.

Фото: ortcom.kz