«Коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест жасалды. Олар шығаруға да дайын, алайда оның ерекшелігін анықтамай жатып көп мөлшерде шығаруды мақсат етіп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде оның сапасын анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр», - дейді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантин шаралары жүргізіле береді.
«Бастысы - арақашықтық пен гигиена сақтау керек. Коронавируспен ауырғандарды емдеу және олармен байланыста болғандарды оқшаулау мақсатында республика бойынша 33 мыңнан астам орын қарастырылған. Оның ішінде науқас адамдар үшін - 6 мыңға жуық орын, ауруға күдіктілерді жатқызу үшін - 8 мыңға жуық провизорлық орын және 20 мың карантиндік орын бөлінді», - дейді ол.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін қазақстандық мамандар ай сайын коронавирусты анықтайтын 50 мың тест жасауға қауқарлы екенін жазған болатынбыз.