Аз қамтылған отбасы балаларына қандай заттар тегін беріледі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы мемлекет аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қандай көмек көрсетеді? Бұл сұрақтың жауабын Президент әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram парақшасында жариялады. 

Жеңілдетілген жол ақысы, мектептегі тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен​ бөлек,​ мемлекеттік әлеуметтік көмек аясында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен сабаққа қажет бұйымдар беріледі.

Ұл балаларға арналған мектеп киімі мыналардан тұрады:

- пенжек;

- жилет;

- шалбар;

- салтанатты жейде;

- күнделікті жейде;

- тоқымалы жилет. 

Қыздар:

- пенжек;

- жилет;

- белдемше;

- классикалық​ жейде;

- тоқымалы жилет;

- сарафан алады.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін жазуға қажет​ және мектеп бұйымдарының қатарында мыналар бар:

- арқа қоржын;

- күнделік;

- жай дәптер (20 дана);

- пенал (қаламсауыт);

- сурет салатын альбом;

- шарлы автоқалам (5 дана);

- жәй қарындаштар (10 дана);

- тысқап (15 дана);

- сызғыш;

- өшіргіш. 

Орта буындағы оқушылар:

- арқа қоржын;

- күнделік;

- жәй дәптер (20 дана);

- жалпы дәптер (10 дана);

- пенал (қаламсауыт);

- шарлы автоқалам(5 дана);

- жәй қарындаштар (10 дана);

- тысқап (15 дана);

- сызғыш;

- өшіргіш. 

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған жиынтық:

- арқа қоржын;

- күнделік;

- жәй дәптер (20 дана);

- жалпы дәптер (10 дана)

- пенал (қаламсауыт);

- циркуль;

- сурет салатын альбом;

- шарлы автоқалам (5 дана);

- жәй қарындаштар (10 дана);

- тысқап (15 дана);

- сызғыш;

- өшіргіш.