Аз қамтылған отбасылар балалары Астанаға барып қайтты
17:01, 13 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қысқы демалыс кезінде БҚО-ның Қазталов ауданынан аз қамтылған отбасылардың 24 баласы Астана қаласына барып қайтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімдігі ұйымдастырған топқа әр мектептен бір оқушыдан болды. Балалар үш күн ішінде тұңғыш Президент мұражайында, Ақорда, «Бәйтерек» және басқа әдемі ғимараттарда болып, ойын-сауық орталықтарында дем алды.