Әз-Наурыз мейрамында елордалық әжелер мен аталар боз кілемде белдеспек

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең елорданың «Қазақ елі» монументі алдында Наурыз мейрамына арналған театрландырылған көрініс және мерекелік концерт өтпек.

Ең қызығы, мейрамның басты шарасының бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық сайысы «қазақша күрестен» боз кілемге етек-жеңін түріп, әжелеріміз бен аталарымыз да шықпақ. Сонымен қатар дәл осы күні ұйымдастырылатын түрлі спорттық шаралардың қатарында қошқар көтеру сайысы да бар. Бұдан бөлек, бұқа тартыс, арқан тарту, асық ату, қазақ күресі, нысана ату, шахмат, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, армрестлинг жарыстары да қызыққа толы болмақ.

Айта кетейік, дәл осындай спорттық шаралар «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының, әкімдіктің, «Студенттер» саябағының алаңдарында да өтеді.