AZAL әуе компаниясы кейбір бағыттар бойынша рейстерді тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы әуе компаниясы Telegram аккаунтында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Фото: AZAL

— Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку-Грозный-Баку және Баку-Махачкала-Баку бағыттары бойынша рейстері тергеу амалдары аяқталғанша тоқтатылды, — делінген хабарламада.

AZAL-дың басқа бағыттарына рейстер штаттық кестеге сәйкес жүзеге асырылады. 

Айта кетейік, таңертең Ақтау қаласының маңында Әзербайжан астанасы Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ бортында 69 адам болған. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Қазір адамдарды құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған соңғы мәліметке сәйкес, апаттан аман қалған 29 зардап шеккен жан ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 2 бала бар.

Қайғылы жайттан кейін Әзербайжанда 26 желтоқсан Аза тұту күні болып жарияланды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет комиссиясы Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады