AZAL ұшағында оттегі баллоны жарылғаны туралы ақпаратқа түсінік

АСТАНА.KAZINFIRM — AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылғаны туралы ақпарат әуе компаниясының рейс директорынан сағат 10.53-те түскен. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті. 

Фото: Pixabay.com

— Ростов ұшу басқарушысы Ақтау мұнарасының борт директорына ұшақтағы жолаушылар салонында оттегі баллоны жарылып, жолаушылар есінен танып жатқаны туралы қосымша ақпарат беріп, ұшақ қонғанша реанимация дайындауын сұраған. Осы ақпарат негізінде барлық құтқару қызметтері шұғыл хабарланды, — делінген хабарламада.

Брифингте рейс директоры Ростов хабарламалары негізінде оқиғалар хронологиясы жарияланды.

Ақтау маңындағы әуе апатына қатысты соңғы мәліметтерге шолуды мына сілтемеден оқи аласыз.