АЛМАТЫ. KAZINFORM – Азамат Қалдыбеков басқа лаузымға ауысуына байланысты Алматы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азамат Қалдыбеков 2025 жылы 29 қазанда қызметін аяқтаған.
Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері басқармаларына жетекшілік етті.
Оның орнына бүгінге дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген Абзал Нүкенов тағайындалды.
Айта кетейік, Азамат Қалдыбеков Алматы әкімінің орынбасары қызметін 2024 жылғы 1 шілдеден бастап атқарды.
Оның алдында Алматының Алатау ауданы әкімі болды.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.