Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Азамат Рысқұлұлы Ойназаров 1970 жылы 24 наурызда дүниеге келді. 1992 жылы Новосібір мемлекеттік университетін, ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек жолын 1992 жылы ҚР Экономика министрлігіне бағынысты экономика және нарықтық қатынастар ҒЗИ-де кіші ғылыми қызметкер болып бастады.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Экономика министрлігіне қарасты ҒЗИ-де бас маман болып қызмет етті; 1996 жылы «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-та жетекші маманы лауазымына тағайындалды; 1997 жылы «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды; 1999 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі; 2001 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2003-2006 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі, 2007 жылы ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдан бастап, Павлодар қаласындағы «ТАСК Холдинг» ЖШС қаржы директоры, кейін Директорлар Кеңесі төрағасының Кеңесшісі болып қызмет етті. Техника ғылымдарының кандидаты.