Азамат Жолманов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды

Фото: Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әбіл Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.